Мектеп түлегіне ризашылық білдіреміз

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылындағы О.Әлібаев орта мектебінің ұжымы әлеуметтік сипаттағы жаңа жобаны тұғырландыра түсу мақсатында мектеп ұжымына “Білімді ел-Образованная страна” республикалық газетіне 2020 жылға тұтас бір жылдық жазылымды сыйға ұсынып отырған мектебіміздің 2003 жылғы түлегі Шоқпанова Шынар Замирқызына үлкен ризашылығын білдіреді.

Алин Досбол Ғалымұлы, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы О.Әлібаев атындағы орта мектебінің директоры

Бүгінде Шынар Замирқызы Астанадағы «EXPO & WOMEN» Халықаралық ұйымы ЗТБ-де бухгалтер қызметін атқарады. Ол бастауыш сыныптан бастап мектеп бітіргенге дейін үздік оқушылар қатарында болды, мектептегі барлық іс-шараларға белсене араласты, оларға үлкен жауапкершілікпен қарады. Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадалардық жүлдегері болды. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету жолында табандылық таныта білетін қасиетке ие, толерантты, кішіпейіл жүрегі кең азаматша. Осы орайда, біздің Шынар Замирқызына деген алғысымыз шексіз және оның жұмысына толағай табыстар тілейміз.

Шоқпанова Шынар Замирқызы, «EXPO & WOMEN» Халықаралық ұйымы ЗТБ бухгалтері

Шынар Замирқызының айтуынша, ол «Менің ұстазыма сый-құрметпен» атты челленджді Facebook парақшасынан оқыған.

– Менің ұстазыма сый-құрметпен» атты челленджді Facebook парақшасынан оқып, бірден қатысуға келістім. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Білім ұясының табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Мектеп – үлкен отбасы, ұстазымыз – біздің ақылшымыз, сыныптастарымыз – жақын досымыз. Алтын ұямен қоштасу – балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім нәрімен сусындаймыз. Мектеп оқушыға жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар бізге үйретуден, білім нәрін себуден ешқашан жалыққан емес, – дейді мектеп түлегі. 

Шынар Шоқпанованың пікірінше, мектепте өткен уақыт – адам өміріндегі шаттыққа толы, ұмытылмайтын кездер.

-Осы орайда, мен бастауыш сыныпта алғашқы рет қалам ұстатып, бізді анамыздай қарсы алған Назгүл мұғалімге және жоғарғы сыныпта бізді қуана қарсы алған Дәмен мұғалімге алғысымды білдіргім келеді. Мектебім маған үлкен өміргежолдама берді. Енді алтын ұям мен үшін жауапты емес, бірақ мен оның алдында әлі қарыздармын. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым! Сондықтан, осы мектептің түлегі болғанымды мақтан тұтамын!”, -деді өз сөзінде Шынар Замирқызы. 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий