Білімді ұрпақ – ел ертеңі

Бiлiм жүйесiн жетілдіру барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқыту процесiне жаңа əдiстемелер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрамның сапасын жоғарылату жəне бiлiктiлiктi бекiтудiң тəуелсiз жүйесiн құру қажеттiгiн белгiлегені мəлім.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы ПҚ біліктілігін арттыру институты біздің ұжымның педагог кадрларының біліктілігін жүйелі түрде арттырып келеді. Оқытушы – тренелері ұстаздарымызға үздіксіз білім беріп, білімдегі жаңалықтарды айшықтап беруде бар күш-жігерлерін салуда. Кәсіби әдістемелік көмек, көшпелі тәжірибелі сабақтар өткізуде қолдау көрсетуде.

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп – интернат ұжымы атынан ұжымға өзара тиімді ынтымақтастық үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Еліміздегі педагогтердің өзіндік мұғалімдер газеті бар, бұл сенімді және берік тірегі саналатын «Білімді ел». Қазақстанның білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарға бей-жай қармайтын білім саласындағы ұйымдардың қызметін жедел әрі шынайы түрде ақпараттандырады.

Осындай газетті 2020 жылға тегін жазылуды бізге сыйлаған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы ПҚ біліктілігін арттыру институт басшы Мұқанова Сәулеш Дімкешқызына және осы ұжымға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Құрметті Сәулеш Дімкешқызы! Сіздің жоғары кәсібилігіңіз, біліктілігіңіз, педагогикалық талантыңыз және көптеген жылдар бойғы игі ісіңізге деген адалдығыңыз үшін шын жүректен білдірген алғыс сөзімізді қабыл алыңыз.Сізге жауапкершілігіңіз, ізгі ниетіңіз, жігеріңіз және әр оқытушының тілін таба білгеніңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сізге және сіз басқарып отырған ұжымға сенімді іскерлік және серіктестік үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да біздің ұжыммен жемісті ынтымақтастық жалғасын табады деген сенімдеміз.

Айнаш БЕКБАУОВА,
Қарағанды қаласының «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ – нің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий