Институт ұжымына алғыс

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-да педагогикалық идеялар панорамасының 2019 жылдың жеңімпаздарын марапаттауында жаңа бастама орын алды. Ол институт директоры Муканова Саулеш Димкешевнаның тарапынан «Білімді ел-Образованная страна» республикалық газетіне топ жарған мұғалімдердің мектептеріне бір жылғы жазылымға тегін сертификат беруі.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Турлин Кайрулла Калиловичтің жетістігі арқылы біздің мектепте жазылымға ие болды. «Білімді ел-Образованная страна» газетінің бас редакторы Ляззат Туркестановнаға және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Муканова Саулеш Димкешевнаға алғысымыз шексіз. Әлі де мектеп пен институт арасында бірлескен іс-шаралар арта берсін.

Асем СЫЗДЫКОВА,
Қарағанды қ. «№54 ЖББОМ» директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий